Cыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жер қатынастарына қатысты процедураларда артық бюрократизмді болдырмау мақсатында, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін Шымкент қаласында жер мәселелері бойынша тегін семинар өтеді.
Дәріскер ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат – Бақытжан Базарбек қатысады.
Азаматтар, келесі мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңес ала алады:
— жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру;
— жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту;
— жерге орналастыру үдерісі, жер учаскелерін сегменттеу;
— игерілмеуіне және нысаналы пайдаланылмауына байланысты, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою;
— өз бетімен құрылыс;
— жер учаскелерін, шекара салу;
— су қорғау аймақтары мен белдеулері, қызыл желілер, санитарлық-қорғау аймақтары;
— жер учаскелерін заңсыз басып алу, рейдерлік.
Осы мәселелерге қатысты сұрақтарыңыз болса, семинарға келіп қатысуға шақырамыз!
Қосымша мәліметті 8 (7252) 536067 нөмірі арқылы алуға болады.
Семинар өтетін күні: 2018 жылы 31 қазан, сағат 14:00-де.
Өтетін орны: Шымкент қаласы, Қалалық оқушылар сарайы, Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысы.