Global Sports Salaries компаниясы бірқатар зерттеулер жүргізіп, әлем бойынша барлық чемпионаттардағы футболшылардың жалақысын анықтады. Бұл тізімде Қазақстан Премьер-Лигасы да бар.

Global Sports Salaries дерегі бойынша, Қазақстан Премьер-Лигасының негізгі құрамының футболшысы орта есеппен жылына 148 513 доллар (айына 12 376 доллар) табады. Осы көрсеткіш бойынша ҚПЛ әлемде 25-орында тұр. Футболшыларға берілетін ақы бойынша Англия көш бастап тұр — жылына 3 935 197 доллар. Сондай-ақ, үздік үштікте Испания — 2 896 151 доллар және Италия — 1 999 865 доллар бар. Қазақстан чемпионаты Оңтүстік Корея, Австралия, Польша, Хорватия және басқа лигалардан жоғарғы орында тұр.

дереккөз: Sports.kz және «Хабар24»