Сый құрметке бөлеген қонағы өзін ұрып өлтірді. Қаладағы 11-ші шағынаудан тұрғыны, 1974 жылы туған азаматты үйіне келіп, араққа тойған қонағы өлтірген.

Марқұм мен күдікті жолдас болған, отбасылық аралас – құраластығы бар екеу дастархан басында көңіл көтеріп, ішімдік ішкен. Әңгіме дүкен барысында екеуінің арасында кикілжің туып, қонағы үй иесін соққыға алады.

1975 жылы туған күдіктіні Еңбекші аудандық полиция басқармасы бірден құрықтайды. Тепсе темір үзетін 43 жастағы күдікті бұрын сотты болмаған. Тұрақты жұмысы бар. Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күзетпен ұстау, бұлтартпау туралы санкция берілді.

Тергеп тексеру кезінде күдікті екі ай мерзімде қамауда болады. Бұл туралы Шымкент қалалық тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков мәлімдеді.

Жанар Есенбекова