Әр жұма сайын тегін нан таратуда

726

Қайырымдылықтың да түр түрі бар. Өзгелерге көмек қолын созып, қарайласқан жан мол сауапқа кенелері сөзсіз. Ешкімнің нұсқауынсыз, жүрек қалауымен игі шараға мұрындық болатын жандарды көргенде әлемді ізгілендіріп тұрған солар ма дерсіз?!

Жуырда Шымкентте сауабы мол істі қолға алған тағы бір қайырымды жанның ізгі ісіне риза болдық. Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданындағы Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан «Арзан» дүкенінің егесі Канаатов Каxраман есімді кәсіпкер әр жұма сайын дүкен тұтынушыларына тегін нан таратуда.

Әрине қымбатшылық қысып тұрған шақта, қалтасынан жырып беріп, мұқтаж жандардыдемеген қайырымды жанның бұл ісіне ризашылық білдіріп жатқандар көп.