Әкімдер тандыр наннан дәм татты

602

Өзбекстан Республикасынан келген қонақтардың қатарында танымал аспаздар да бар. Он саусағынан бал тамғандар дастарханға қойылған ас түрінің барлығын өздерімен ала келген. Тіпті қамырдан жасалатын тамақтарға қолданылатын суына дейін Өзбекстаннан көтеріп әкеліпті.

Ерекшелігі сол, олар сыртта үш түрлі тандырда самса, тандыр нан сынды тағамдарын сол мезетте пісіріп, келушілерге ұсынып тұрды. Дәмнен ауыз тигендердің қатарында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та бар.

Фархад Полатов, аспаздың көмекшісі: «Біз бүгін мұнда 60 келі палау жасап жатырмыз. Сондай-ақ, кәуаптың бірнеше түрінен 350 дана жасадық. Мына дастарханды 17 аспаз және салат жасаушылар, самсашылар сынды 30 адам дайындап шығардық. Аспаздар және көмекші аспаздар барлығымыз еліміздің асханасының ерекшелігін көрсету үшін барымызды салдық. Тағамдарымыздан дәм татып жатқан ағайындардың барлығына ұнап жатыр. Бұл біздің қуантады, әрине.

Шымкенттіктер көрші мемлекеттің бау-бақшасында өсіп-өнген жеміс-жидектерден бастап, сан түрлі дәнектерінен де ауыз тиюге мүмкіндік алды. Ала шапанды ағайындардың тіл үйірер палауымен қатар, тандыр самсасы келушілерді тәнті етті.