Шымкент қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында өз әйелін өлтірді деп айыпталған экс — прокурорға қатысты сот үкімі шықты. Сот үкімімен бұрынғы прокурор он бір жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, осы жылдың мамыр айында жоғарғы оқу орнында жұмыс істейтін әйелін экс- прокурор пышақтап өлтірген еді. Туған күніне құттықтай келген ерлі — зайыптылар арасында туындаған дау осылай қанды оқиғамен аяқталған болатын.
Сотқа дейінгі тергеп, тексеру кезінде бұрығы прокурор өз кінәсін мойындап, өкінетіндігін айтқан. Тіпті тергеу изоляторында өз — өзіне қол салмақ та болған. Бұл туралы судья Әбинұр Қарабаев мәлімдеді. Сотталушы ҚР ҚК — нің 99 бабы, 1-ші бөлігімен қасақана кісі өлтру бойынша кінәлі деп танылды. Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жанар Есенбекова