Түркістандық үш тұрғын «В Контакте» әлеуметтік желісінде экстремистік аудиожазбаларды таратқан. Созақ, Арыс және Қазығұрт аудандары тұрғындарының заңсыз әрекеті прокурорлық тексеру кезінде әшкере болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық прокуратураның талап-арызы бойынша сотта аталған аудиофайлдар діни араздық пен алауыздықты қоздыратын жазбалар ретінде танылған. Онда рулық, діни араздықты қоздыратын белгілері болғаны анықталды. Мұндай қорытындыны сот психологиялық-филологиялық және дінтанушылық сараптама да растаған.
Айта кетейік, үш тұрғын бұған дейін де осындай әрекеттері үшін 2 жылға бас бостандықтарынан айырылған болатын.