Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне мамыр айында жоғалған жетінші сынып оқушысы Нортураев Руслан келгенін хабарлаймыз.
Ол полицейлерге осы уақытқа дейін қайда болғанын және үйден кету себебін толығымен айтып берді. Русланның сөзінше, әкесі мен өгей шешесі оған күш қолдану арқылы үнемі қысым көрсеткендіктен ол үйінен кетіп қалған. Әкесі оның жоғалғандығы туралы полицияға тек 1,5 ай өткеннен соң хабарлаған.
Полицейлер еріктілермен бірлесіп аталған жайт тіркелгеннен кейін күн сайын Русланды іздеп-табу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Қазіргі таңда Русланның әкесіне қатысты жауапкершілікке тарту туралы мәселе қарастырылуда. Ал баланың өзі психолог-дәрігерлердің бақылауында. Кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі инспекторы Русланның әрі қарай отбасымен тұруы-тұрмауына қатысты шаралар бойынша жұмыс жасауда.
Шымкент қ. Полиция департаментінің Баспасөз қызметі