2018 жылдың 1 қазанында Қазақстанда халық саны 18 млн 334,3 адам болды. Бұл өткен жылдың 1 қазанымен салыстырғанда 237,4 мың адамға көп немесе 1,3 пайыз өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикада 1 жасқа дейінгі 2 354 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 1,3 пайызға көп. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі — перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтар-қыркүйегінде 1 206 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 51,2 пайызын құрады. Туа біткен ауытқулардан 465 немесе 19,8%, тыныс органдары ауруларынан — 152 немесе 6,5%, жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан — 108 немесе 4,6% нәресте қайтыс болды. 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында елімізге көшіп келгендер саны 2017 жылғы көрсеткіштен 21,8 пайыз азайып, қоныс аударғандар саны 12,2 пайызды құрады. Негізгі миграциялық көші-қон ТМД елдері бойынша өтіп жатыр. ТМД елдерінен келген адамдар үлесі 78,2 пайыз, көшіп кеткендер үлесі — 90,8 пайыз болды.