Түркістан облысында құрылғанына 90 жыл толған аудандар кезегімен айтулы шараны атап өтіп жатыр. Мақтаарал ауданы да мерейтойды жоғары дәрежеде өткізуді құп көріпті. Ол үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Осыған орай, түрлі этнос өкілдері палау фестивалін өткізбекші. Дәмі тіл үйірер палаудың бірнеше түрінен қатар дәм татқыңыз келсе, 16-қараша күні сағат 13:00-де аудан орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңына ат басын бұрсаңыз болады. Әрі барлығы да тегін!