Шымкент қаласындағы Абай ауданы әкімінің аппараты тағы да қоныс аударды. Бұл жолы аудан әкімдігінің қызметкерлері Қазыбек би көшесіндегі №44 үйге орналасты.
Естеріңізге салар болсақ, бұған дейін әкім аппараты Байтулы баба көшесіндегі №6\1 үйде болатын. Араға ай салмай тағы көшуіне жалға алынған ғимарат бағасының қымбатауы себеп болыпты.