«Түркістан — еліміздің білімі мен ғылымының орталығына айналуы тиіс. Оксфорд, Кембридж сияқты әлемдік брендке айналған оқу ордаларын мұнда да қалыптастыруға болады» дейді Айдос Сарым.
«TURKISTAN MEDIA» Халықаралық орталығында орналасқан «TURKISTAN» интеллектуалды клубында журналистермен кездескен белгілі саясаттанушы жаңа облыс орталығының дамуы мен болашағы туралы сөз қозғады. Оның пікірінше, ауыл шаруашылығына бейім өңірде аграрлы салаға қажетті мандар даярлау ісін де қолға алатын кез келді. Сондай-ақ, Айдос Сарым ойынан шығатын жобалар ұсынылса, Түркістанда жұмыс істеуге әзір екенін жасырған жоқ.
Айдос Сарым, саясаттанушы: «Диханшылыққа қажетті, мақта кластерін дамытатын мамандарды осында дайындасақ. Шетелдерден ғалымдар шақыртып, осында жастарды тәрбиелеуге атсалысса. Жастарымызды қанша ақша салып, шетелдерге жібергенше, ондағы білікті мамандарды осында шақыртқанымыз тиімді болар еді».