Бүгінде бал өндірумен айналысатын шағын шаруашылықтар көп. Таза, табиғи бал өнімдерін тек солардан ғана сатып алуға болады. Базарлардан, басқа да сауда орындарынан бал тектес өнім сатып алып, сан соғып қалып жатқандар аз емес. Өйткені бүгінде қанттан әсел жасап, елді алдайтындар қаптап кеткені жасырын емес.

Таза бал өнімдерін сатып алғыңыз келсе жәрмеңкеге келіңіз. Шымкент қаласы Қаратау ауданы əкімі аппаратының ұйымдастыруымен 23- қараша күні “Нұрсәт» шағынауданы, Ұ. Арғынбеков көшесінде орналасқан »Рахима плаза» сауда үйінің алдында бал өнімдерінің жəрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке жергілікті отандық өнім өндірушілерді қолдау мақсатында, ұйымдастырылып отыр.