Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында «Батыр аналар» қатары артып келеді. Күні кеше ауданы әкімі аппаратында еліміздің демографиясына үлес қосып келе жатқан көп балалы аналарды Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 қазандағы 765 Жарлығына сәйкес 4 алтын, 19 күміс алқамен аудан әкімінің орынбасары салтанатты түрде марапаттады.

Жалпы Абай ауданы бойынша «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерінің саны 3300, соның ішінде: 1271 «Алтын алқа», 2029 «Күміс алқа» иелері. Жылдың басынан бері көпбалалы аналарға 29 алтын, 104 күміс алқа табысталды.