«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

704

Шетелде оқу мүмкіндігіне ие болған 71 адамның аты-жөні толық белгілі болды, деп хабарлайды Халықаралық бағдарламар орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың сөзінше, «Болашақ» стипендиясы – Мемлекет басшысы ауқымды жаңа жобаларды іске асырудың бірегей тетігі ретінде айқындап берген басым бағыттардың бірі.

Бүгін осы орайда Мемлекеттік хатшының төрағалығымен Шетелде кадрларды дайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткен болатын. Ол жерде 2019 жылға арналған басым мамандықтардың тізбесі бекітілді. Құжатта 155 мамандық қамтылған.

Сонымен қатар «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтетіндердің санаты анықталды. 2019 жылға 555 стипендия бекітілген.

Ал биылғы «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімін мына жерден қарай аласыз.