Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

71
фото: Отырар.кз

Қайрат Нұртас ұшақтағы төбелес үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Астана соты бүгін әншіге қатысты әкімшілік істі қарады. Оған ұсақ бұзақылық жасады және денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген айып тағылды. Сот қаулысымен ол тек бір бап бойынша кінәлі деп танылды. 

Қайрат Нұртас ұшақта төбелесіп, денсаулыққа зиян келтіргені үшін 15 тәулікке қамалды. 5 шілдеде Астана соты қазақстандық әнші Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік істі қарады. Оған «ұсақ бұзақылық жасады және денсаулыққа қасақана зиян келтірді» деген айып тағылды. Оқиға Алматы-Астана әуе бағытындағы ұшақта болған. Сот онлайн режимде өтті.

Белгілі болғаны, жәбірленуші мен эстрада жұлдызы бір кездері жақын дос болған. Жәбірленушінің айтуынша, олардың арасындағы жанжал 24 сәуірде басталған. Прокурор әншіні 15 тәулікке қамауды сұрады. Қайрат Нұртас алда көп концерттер күтіп тұрғандықтан, соттан айыппұл салып, босатуды сұрады.

«Соттың қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен және 73-1-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды:
— ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігімен тараптардың татуласуына байланысты іс қысқартылды;
— 434-баптың 2-бөлігі бойынша құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалғандықтан, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды»,- делінген ҚР Жоғарғы Соты баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қайрат Нұртас ҚР ӘҚБтК-нің «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Тәртіп сақшылары Қайрат Нұртасты жазасын өтеу үшін Шымкент қаласы ПД әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орнына алып келді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, эстрада жұлдызы әрі Шымкент қаласының құрметті азаматы Қайрат Нұртас бұған дейін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК, нақтырақ айтқанда, 73 840 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.