Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы бақылауға алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық экономика және Энергетика министрліктеріне және өңір әкімдіктеріне көмірдің, газдың, дәрі-дәрмектің және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ерекше бақылауға алуды тапсырамын. Бірінші кезекте, әкімдер бағаның негізсіз өсуіне жол бермей, компаниялардың бағаны өзара келісіп алуының, арадағы делдалдардың заңсыздықтарынын анықтауы қажет», — деді Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында.
Айта кетейік, Үкімет басшысы монополияға қарсы қызметті күшейту заңнамасына түзетулер әзірленіп жатқандығын хабарлады. Сонымен қатар ол жаңа тарифке қатысты әрбір азаматтың ұсынысы ескерілуі керектігін тапсырды.