Дәулетті болғың келсе, кәсіп қыл…

443

Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаевтың бастамасымен, аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастырумен Абай ауылында орналасқан «Гранд Париж» мейрамханасында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша «Бизнес бастама, дәулетті болғың келсе кәсіп қыл, кәсібің сенің — нәсібің» атты ауданның бизнес бастауға ниетті азаматтар қатысуымен іс-шара болып өтті.

Іс-шарада «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жалпы жобалары түсіндірілді. Атап айтқанда субсидиялау шарттары, кепілдендіру шарттары, Жаңа замануи технологияларды жабдықтау есебінен жұмыс орындарының санын көбейту және өндірілетін өнімнің сапасын ұлғайту жобалары түсіндіріліп, жиынға қатысқан азаматтар тарапынан қойылған сұрақ-ұсыныстарға тиісті жауаптар берілді.

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі