Сын садағына ілінген монополистердің басына қара бұлт үйрілді. Тексеру нәтижелері мәз емес. Құзырлылар артық төлем алып келгендерін анықтап, аяқ астынан электр энергиясы тасымалының құны өзгеріп шыға келді.

Бүгін монополияға қарсы агенттік өкілдері облыс прокуратурасымен бірге жүргізген тексерулерінің қортындысын мәлімдеді. Табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті , тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мамандары «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің 24 млн. теңге айып төлейтінін жария етті.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы тұрғындарына жарық тасымалдаушы серіктестік үш жыл бұрын мамандарын тексеруден өткізетін қызметтің ақысын тұтынушылардан алып келгені анықталыпты.

әтижесінде электр энергиясын тасымалдау құны 6,60 тенгені құраған. Келеңсіздік анықталғаннан кейін 1 тиынға төмендетілді. Бұл өз кезегінде электр энергиясының жалпы бағасына әсер етеді. Монополистер тұтынушылардан заңсыз алынған қаражатты бір жылдың ішінде қайтарып беруге уәдесін берді.

Еске салайық, Шымкентте жарық құны тамызда бір тиынға төмендеген болатын. Қазір шымкенттіктер киловаттына орташа есеппен 18 теңге 82 тиын төлейді.

Нұрлан Күдерұлы