Шымкент аграрлық колледжінде «Бүгінгі жоба-болашақтың жоспары» тақырыбындағы инновациялық идеялар байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырудағы мақсат – жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін артыруға жәрдемдесу және студенттер арасында кәсіпкерлікті насихаттау.
Аталмыш іс шараға «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма Төрағасының орынбасары Қансейіт Ақмарал Байсейітқызы, «ОҢТҮСТІК» АИО-ның Даму стратегиясы департаментінің бас менеджері, Шымкент аграрлық колледжі директорының кеңесшісі Ачилов Нұрбек мырза, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің профессоры, Шымкент аграрлық колледжі директорының кеңесшісі Ким Кванг Дон, колледж директоры Г.А. Бекбергенова төрелік етті. Байқауды ашып, қатысушыларға сәттілік тілеген Ақмарал Байсейітқызы суденттерді АИО-тың еншілес компаниясы болып табылатын «Ырыс» микроқаржы ұйымының «Жас кәсіпкер» бағдарламасына қатысып, 2 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несиеге қол жеткізу арқылы, бизнес идеяларын жүзеге асыруға шақырды.
Инновациялық идеялар байқауында барлығы 13 жоба қорғалды. Нәтижесінде: І-орынды «Органикалық таза өнім- биогумусты дайындау» тақырыбымен А9-161 тобының студенті Н.Арынбек, ІІ-орынды «Сәндік гүлдерді өсірудің жаңа технологиясы» тақырыбында А-181 тобының студенті Ж.Естай, Ж. Сырлыбай ІІІ-орынды «Кондитерлік цех ашу бойынша бизнес-жоспар» тақырыбымен ТК-181 тобының студенті Ә.Тұрғанбек иеленді.
Келесі 3 жоба номинациялармен марапатталды: «Іздемпаз» номинациясымен «Плаза» инвесторлық жоба тақырыбында ТТС9-171 тобының студенті А.Алтынбекова марапатталды. «Шығармашыл» номинациясымен «Сүт өнімдерінің өндірісі» тақырыбында СТ9-171 тобының студенті Б.Исқали марапатталды. «Үздік жоба» номинациясымен «Жабық тамыр жүйесімен ағаш өсіру технологиясы» тақырыбында ОШ9-151 тобының студенті С. Құлтас марапатталды.