Шымкенттік студенттер үшін білім гранттарының саны тағы да арта түсті. Ол үшін әлеуметтік жағдайы төмен жастарға арналған «Кемел Болашақ» атты қор құрылды.
Қор жоғары білім алуға мүмкіндігі жоқ дарынды жастарды қолдау мақсатында Шымкент қаласының кәсіпкерлерінің қолдауымен ашылып отыр. Қоғамдық қор әзірге төрт бағдарлама бойынша жұмыс істейді.
Гранттарды бөлуде басымдық педагогика, медицина, психология, инженерия, агрономия, туризм сынды салаларға берілген.
Меруерт Ахан