Кәсіпкерлерге онлайн хабарлама беретін касса аппаратын қолдану міндеттеледі

339
YouTube

Енді базарларда бақылау-касса машиналарын қолдану заңмен талап етіледі. «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және онлайн мәлімет беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы арнайы қаржы министрінің бұйрығы бекітілген.

Демек, базарларда көтерме сауда жасайтын кәсіпкерлер енді онлайн хабарлама беретін касса аппаратын қолдануы міндетті. Атап айтқанда сусындарды көтерме бағада сату, киімдер, автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандар мен оның бөлшектерін саудалайтын жеке кәсіпкерлер жаңа жылдан бастап, жетілдірілген кассалық аппаратты қолдануы тиіс.

Ерқасым Махадилов, Әл Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары: «Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 758 бұйрығына сай 1-қазанға дейін 7 қызмет түрімен айналысатын кәсіпкерлер өтуі керек болса, 31 желтоқсан яғни, осы жылдың соңына дейін тағы 17 қызмет түрі онлайн кассалық аппаратқа көшуі тиіс. Сол себептен базарлардағы саудагерлер, кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы онлайн бақылау кассалық аппаратына өтуі бойынша жұмыстар жасалып жатыр».

Арнаулы салық режимi дара кәсіпкерлерге қатысты болып отыр. Осы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды салық төлеушілердің назарына жеткізу және салық заңнамасындағы талаптарды орындау үшін Әл Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан «Жаңа ұя» ЖШС-і, «Орталық қырғы базар» аумағында «Сервис плюс» техникалық қызмет көрсету орталығымен бірге кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осындай ауқымды шара қала аумағында орналасқан басқа да сауда орталықтарында жалғасын табады.

Ернар Балабеков