Шымкент педагогикалық жоғарғы колледжінде жылдың басты оқиғасы — латын әліпбиіне көшуге арналған концерт өтті. Салтанатты шараға педагог мамандарды оқытатын жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.
Мегаполис студенттері әліпби тарихы мен кириллицадан латын қаріпіне көшу оқу орындарында қалай өрбіп жатқаны туралы баяндамалар мен көріністер, сахналық қойылымдар дайындаған. Осылайша, Шымкент педагогикалық жоғарғы колледжі Елбасы бастамасына қолдау білдіруде.
Әбиля Күздеубаева, Shymkent педагогикалық жоғарғы колледжінің қызметкері: «Бүгін біз еліміз үшін маңызды тақырып — латын әліпбиіне көшуді қолдаудамыз. Біздің елде тіл мәселесіне үлкен мән берілуде. Бұл әрине көңілге қуаныш сыйлайды. Біздің колледж үштілділікке көшті. Енді латын әліпбиін де меңгеруіміз керек. Жастардың да бұл өзгеріске деген көзқарасын білу маңызды».
Жанар Есенбекова