Мал ұрлығын кәсіпке айналдырғандар құрықталды

344

Ордабасы ауданының полицейлері мал ұрыларын құрықтады, деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2018 жылдың казан айында Ордабасы ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан мал ұрлығына байланысты арыз келіп түседі. Ер азаматтың мәлімдеуі бойынша, түнгі уақытта белгісіз біреулер қора жайынан 5 сиырын ұрлап әкеткен. Ер азаматтың өздігінен біршама күндер бойы ұрыларды іздеу іс-әрекеті нәтижесіз болғандықтан, полиция бөліміне малының ұрланғандығы жайында хабар берген.

Сонымен, бұл жайт, ҚР ҚК-нің 188 «ұрлық» бабымен СДТБТ-не тіркеуге алыныпты.  Келтірілген шығынның жалпы сомасы — 1,5 миллион теңгеге жуық. Мал ұрлығы қылмысын ашуға сәйкес полицейлер біршама жеделдетілген іс-шараларды жүргізген-ді.

Нәтижесінде, Ордабасы ауданы криминалды полиция қызметкерлері Арыс қаласы мен Ордабасы ауданының бұрын сотты болған, екі тұрғынын қолға түсірді. Сонымен қатар, ұрланған малдарды сатып алушылар да ұсталды. Жоғалған малды ұрылар көрші аудандардың базарларының біріне сатып үлгерген екен.

Қазіргі таңда, мал ұрлығы жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер тұтқындалды. Полицейлер олардың тағы да басқа осы тектес қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеріп жатыр.