Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан жайылымда жүрген ірі қара малын белгісіз біреулердің қолды еткендігі жайлы арыз түсті. Ірі қараның жалпы сомасы 200 мын тг-ні құрады.
Аталмыш жайт, ҚР ҚК-нің СДБГД 188 «ұрлық» бабы бойынша тіркеуге алынды. Сонымен қатар, Арыс ауданынан тағы бір жәбірленушіден шығыны 1 000 000 тг-ні құрайтын 26 бас малының қорасынан ұрланғандығы жайында арыз түседі.
Бөлімшедегі тәжірибелі полицейлердің арасынан бөтен мүлік ұрлығын ашу мақсатында жедел тергеп-тексеру тобы құрылды. Арыс полиция бөлімі мен облыстық ПД Қриминалдық полиция басқарма қызметкерлерімен бірлесе отырып осы ұрлыққа қатысы бар Жамбыл облысы мен Түркістан облысының ағайынды екі тұрғынын қолға түсірді.
Тергеу барысында ұсталған азаматтардың облыс аумағында 6 мал ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды. Келген шығынның жалпы сомасы шамамен 2 000 000 теңгені құрайды. Тарқатып айтар болсақ, қылмыскерлер өздерінің арам пиғылдарын түнгі уақытта жүзеге асырған. Қолды болған малды арнайы автокөлікпен тасымалдаған. Осылайша олжаларын көршілес Ордабасы ауданының базарына әкеліп сатып жіберген. Күдіктілер қамауға алынды. Алынған нақты дәлелдемелер бойынша 3 ірі қара мал мен 18 қой өздерінің заңды иелеріне қайтарылды. Аталмыш жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктілердің бұдан бөлек тағы басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігін жоққа шығармайды.
Тәжірибе көрсеткендей, бөтен мүлік ұрлығы оның ішінде мал ұрлығының басым көпшілігі жәбірленушілердің жауапсыздығынан болады. Өз еркімен іздеп табамын деп полицейлерді уақытылы хабардар етпейді. Арада біраз күн өткен соң барып арыз тастайды. Әрине бұл өз кезегінде полицейлердің ұрлықты ашып, қылмыскерлердің жолын бөгеуіне кедергі келтіреді.
Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға сақ болып, қора жайларын мықтап бекітіп,малдарын қараусыз қалдырмай, адам жалдап болса да бақылауда ұстауларын ескертеді.Жазым аяқ астынан демекші,қылмыс сіз ойламаған сәтте болады.
ТО ПД баспасөз қызметі