Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында облыстық соттың судьялары, аудандық соттардың судьялары, ауданның Ішкі Істер басқармасы басшысының орынбасары, білім бөлімінің мамандары, аудандық прокурордың, Ішкі саясат бөлімінің бас маманының, БҰҰ ұлттық эксперті-психологының, ІІБ зорлық зомбылықтың алдын алу инспекторы Сарыағаш ауданының әйелдер кеңесінің төрайымының, Сотқа дейін татуластыру орталығының медиаторларының, Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі меңгерушісінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Дөңгелек үстелді аудандық соттың төрағасы Т.Машрапов жүргізіп отырды.
Өткізілген іс-шараның қатысушыларына ҚР Жоғарғы Соты ұсынған «Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсат-міндеттері таныстырылды.

Содай-ақ, кәмелетке толмағандарды міндетті тәрбиелеу бойынша бірлескен бағдарламалардың қажеттігіне, отбасын сақтап қалу мақсатында бастапқы психологиялық көмек көрсету, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу, қамқоршылық жасау және кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын түзеу мәселелері бойынша бірлескен профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті жағдай жасау керектігін атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларын айтып, ұсыныс-пікірлерін жолдады.Іс-шараға қатысушылар талқыланған тақырып аясында пікір алмасып, балаларды міндетті тәрбиелеу бойынша бірлескен әлеуметтік бағдарламалар әзірлеуге қатысты ұсыныстарын енгізді.

Сонымен қатар, отбасы және балалық шақты қорғау мәселелерімен айналысатын, сотқа дейінгі тәртіпте дауды шешуге мүмкіндігі бар және отбасылық даулар бойынша кеңес беруді қамтамасыз ететін мамандардың, психологтардың кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында іс-шаралар өткізу жөнінде ұсыныстар енгізді.