Ресейде Қазақстан азаматтары мінген автобус аударылып қалды

153
Фото ТАСС

РФ Новосібір облысының Коченев ауданында жолаушы автобусы Foton жеңіл көлігімен соқтығысып, алты адам зардап шекті. Бұл туралы Коченев ауданы бірыңғай кезекші-диспетчер қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

Коченев ауданы бірыңғай кезекші-диспетчер қызметінің бастығы Сергей Никитиннің айтуынша, оқыс оқиғадан автобустағы бес жолаушы және жүргізуші зардап шеккен. Жалпы автобуста 47 адам болған. РФ ТЖМ Новосібір облысы бойынша Бас басқармасының мәліметіне қарағанда, жолаушылардың барлығы — Қазақстан азаматтары. Қазір жол апатының себептері анықталып жатыр. Деректерге қарағанда, автобус Павлодар қаласына келе жатқан. 15 сағаттан кейін аударылған автобусты орнынан тұрғызып, жолаушыларды Павлодарға басқа автобуспен жөнелтудің сәті түскен.