Сайрам ауданынында ұлттық спорт түрлері бойынша бөлім ашылды

735
Сайрамдық жеткіншектер ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық танытуда

Сайрамдық жастар ұлттық ат спорты ойындарына қатысып жүр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында спорт кешені ашылып, балаларды салауатты өмір салтын ұстануға үйретуде.

Ақбай ауылындағы спорт мектебінде ұлттық спорт түрлері бойынша бөлім ашылды

Сондай-ақ, қазақша күрес, тоғыз құмалақтан бөлек  көкпар, аударыспақ, теңге ілу сияқты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға да мүмкіндік туған.

Сайрамдық жеткіншектер ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық танытуда

Аттың құлағында ойнаған жеткіншектер Ақбай ауылының тұрғындары. Биылдан бастап сабақтан бос уақыттарында шеберліктерін шыңдауға керемет мүмкіндік алды.

Асқар Бауыржанов

Асқар Бауыржанов, Сайрам аудандық спорт бөлімінің басшысы: «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында  аудандарда ұлттық спорт түрлері бойынша бөлімдер ашылсын деген  «Көкпар» федерациясы президентінің хатына сәйкес ұлттық спорт түрлерін балаларға дәріптеу мақсатында №3 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ұлттық спорт түрлері бойынша көкпар, аударыспақ, теңге ілу бөлімі ашылды».

Ал ұлттық спорт түрлеріне балаларды баулу жұмысына бюджет есебінен қаржы қаралған. Биыл 15 аттың күтіміне 8 млн. теңге жұмсалыпты. Келер жылы сәйгүліктердің қатары толығады деген жоспар бар. Әзірге жылқы малын жеке кәсіпкерден жалға алып жаттыққан балаларға келешекте ұлттық спорт мектебін ашу да көзделіп отыр.

Әділет

Әділет, Сайрам ауданының тұрғыны:  «Жаттығып жатырмыз. Көкпарды қатты ұнатамын, қатысып тұрамын. Сайрам ауданының 90 жылдық мерейтойында командамыз екінші орын  жеңіп алды. Енді  өңіріміздегі өзге  аудандардағы көкпар, аударыспақ, теңге ілу сияқты ұлттық ойындарымызға қатысып тұратын болдық».

Сайрамдық жеткіншектер тек ұлттық спорт түрімен айналысып қана қоймай, әлемде кең тараған футбол ойынының да қыр — сырын меңгеруде.

Сайрам ауданында спорт кешені пайдалануға берілді

Екі ай бұрын пайдалануға берілген спорт кешені бүгінде футболққұмар балаларға толы. Болашақта түрлі тренажерлар орнатылады. Аудан әкімдігі ауылдағы аз қамтылған отбасылардың балалары үшін тегін секция ашуды қарастыруда.

Шынар Оразова