Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы болып Нұрсұлтан Байтілесов тағайындалды. 27 жастағы Мақтаарал ауданының тумасы кәсіби қызметін Астана қаласы Алматы аудандық сотының жетекші маманы ретінде бастаған.
Әр жылдары соттардың бақылау және құжат айналымы бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарған. 2013 жылдан бастап «Атырау облыстық сотының кеңсесі» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.
«Павлодар облыстық сотының әкімшісі» ММ басшысының орынбасары қызметін де атқарған. Тағайындауға дейін Нұрсұлтан Байтілесов Әскери соттар әкімшісінің басшысы болып жұмыс істеді. Сала қызметкерлері Нұрсұлтан Байтілесовті жаңа қызметімен құттықтап, еңбегіне жеміс тіледі.