Шымкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өңіраралық форум өтеді

458
shymkent.gov.kz

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы алғашқы өңіраралық форумы аясында биылғы 15-16 қараша күндері Шымкентте өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы тауарларының көрмесі өтеді.

Көрмеде екі елдің 150-ге жуық өндірушілері ауыл шаруашылығы тауарларын, жеңіл және тағам өндірісі тауарларын, энергия үнемдеу идеяларын, жиһаздар мен ағаштан жасалған бұйымдарды, құрылыс материалдарын, тұрмыстық химия мен фармацевтикалық препараттарды ұсынады.

«Көрме» орталығы, басталуы 15 қараша күні сағат 14:00-де.