Шымкентте мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс істемеуі мұқият тексеріледі

528

Шымкент қаласында мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан тыс уақытта жұмысқа тарту және қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалану мәселелері талқыланды.

Мәжіліске ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.Құрманбекова, аумақтық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің арасында анонимдік сауалнама жүргізіп, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен Әдеп жөніндегі уәкілдермен бірге үстеме жұмыстарға жол беретін мемлекеттік органдарда рейдтік іс-шаралар жүргізілген. Нәтижесінде бірқатар мемлекеттік органдардың қызметшілерінің үстеме жұмыс атқару деректері анықталды.

Әли Көмекбаев рейдтік іс-шара жұмыстары алдағы уақытта күшейтілетінін және тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда жауапты барлық қызметшілердің жауапкершіліктері қатаң түрде қаралатынын жиналысқа қатысушыларға қатаң ескертіп, тәртіп бұзушылықтарды болдырмау бағытында бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.