Шымкентте мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры директорының қатысуымен семинар өтті

409
shymkent.gov.kz

Жыл басынан бері Шымкентте мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 35 мыңнан аса адам жалпы сомасы 6,9 млрд теңге көлемінде төлем алды. Бұл туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басқарушы директоры Нұрсұлу Кемел Шымкентте өткен семинар-кеңесте мәлімдеді.

Тиісті заң жобасының негізгі бағыттары түсіндірілген іс-шараға қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбекова мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғ.Балтаев қатысты. Айта кетейік, әлеуметтік сақтандыру жүйесі елімізде 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Жүйе жұмыспен қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі саналады.

Біз ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге «Еліміздің міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын әзірледік. Заң жобасының мақсаты — қордан тағайындалатын әлеуметтік төлемдерді қайта қарау арқылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін күшейту, — дейді Нұрсұлу Кемел.

Айта кетейік, бүгінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 6 млн жуық адамды қамтиды. Жыл сайын 770 мыңнан астам адам жалпы сомасы 160 млрд теңгеге жуық төлем алады.

shymkent.gov.kz