Шымкентте дәрігерлер жылжымалы дәрігерлік қызмет көрсететін кешеннің көмегімен шеткі аудандағы халыққа медициналық көмек көрсетті.
Білікті дәрігерлер «Шапырашты» тұрғын алабындағы тұрғындарға кәсіби кеңес жүргізді. Сондай-ақ, ауруларды анықтау үшін түрлі лабароториялық зерттеулер жүргізіп, әрі қарай емделу үшін жолдама берді. Дәрігерлік қабылдау жұмыстарын педиатр, офтольмолог, маммолог, терапевт, фтизиатр сынды мамандар өткізді.
Таң азаннан кешке дейін дәрігерлер 200-ден аса азаматты қабылдады. Оның ішінде 15 тұрғын флюрографиялық тексеруден өтті. Жылжамалы медициналық кешенде мамандар арнайы стоматологиялық, маммографиялық және флюрография сынды аппараттарының көмегімен диагностикалау жұмыстарын жүргізді.
Лаура Нақыпқызы