Шымкенттік шенеуніктердің тәртібі қаралды

510

Бүгін бірқатар шымкенттік шенеунік тәртіпке шақырылды. Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті жиналысында Абай ауданы әкімінің орынбасары және білім басқармасы басшыларының ісі қаралды.

Білім саласы қызметкерлерінің мемлекеттік сатып алу талаптарын бұзғаны, ал әкімдік өкілінің қоғам тарапынан сынға себепші болғаны анықталды. Қызмет барысында бір емес, бірнеше рет негізсіз шешім қабылдаған білдей шенеунік өз кінәсін мойындай келе, уәжін де жеткізді.

Сондай-ақ, кеңес мүшелері қалалық көліктік бақылау инспекциясы басшысы орынбасарының да жауапкершілігін қарады. Оның әкімшілік жауапкершілікке тарту барысында заңнама талаптарын басшылыққа алмағаны анықталды. Осындай деректер талқыға түсіп, өрескел қателіктерге жол берген мемлекеттік қызметшілер тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылды.