Түркістан облысында алғаш рет студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

502

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалының бастамасымен Аграрлық колледжде «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» ашылды.

Орталықтың негізгі мақсаты — цифрландыру жүйесімен барлық салалардағы мүмкіндіктерді пайдалану, жастарды цифрлық-электронды түрде қызмет алуға үйрету және электрондық үкімет порталында қызмет алу дағдыларын жетілдіру.

Осылайша, орталықта 40 аса мемлекеттік қызмет көрсету түрлері көрсетіледі. Атап айтсақ, жатақханаға орналасу, сынақ кітапшасын алу және т.б.
Іс шарада Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев бүгінгі күні Қазақстанның электронды үкіметті дамыту саласындағы жетістіктерін әлем мойындағанын атап өтіп, Елбасы Жолдауына сәйкес, 2020 жылға дейінгі мемлекеттік қызмет көрсетуді 90% электронды жүйеге көшіру жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын жеткізді.

Соның бір айғағы, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда бүгін колледж студенттеріне қызмет көрсету орталығы ашылып отырғанын тілге тиек етті.
Ал, Корпорация басшысы Е.Жеңісбеков колледж оқытушылары мен студенттерге картрейдер арқылы жеке куәліктегі ЭЦҚ-мен (электронды цифрлық қолтаңба) e.gov порталынан қажетті құжат түрлерін алуға болатынын айтты.

Шара барысында колледж директоры Г.Бекбергенова ашылып отырған орталықтың жұмысын тиімді жүргізу үшін колледж мамандары ХҚКО тағлымдамадан өтіп, арнайы сертификаттарға ие болғанын.

Орталықтың ашылуымен 2000-ға жуық студенттің уақытын үнемдеуге жол ашылғанын, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы студенттердің алаңсыз білім алуына мүмкіндігін беріп отырғанын және «SMART-колледж» бағдарламасы енгізілгенін айтып өтті.
Бұған қоса, «НұрОтан» партиясының «Өркениет» бастауыш ұйымының қолдауымен студенттер бұл орталықта Тассай тұрғын алабының тұрғындарына қызмет көрсететін болады деп мәлімдеді.

Шара соңында Ғ.Тұрсынбаев елімізде цифрландыру жүйесімен барлық салалар қамтылып келетінін айта келе, бар мүмкіндіктерді пайдаланып жастарды электронды түрде қызмет алуға шақырды және бұл бастаманы облыстың барлық оқу орындарында енгізуді ұсынды.