Түркістан облысында асфальт-бетон өндіру зауыты іске қосылды

319

Жобаны жүзеге асыру мақсатында тартылған инвестицияның жалпы құны 300 млн. теңгені құрайды.  Кәсіпорын грециялық «Soldatos» ЖШС-гі мен «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның филиалы — «TURKISTAN INVEST» инвестициялық компаниясының бірлесіп атқарған жұмыстары нәтижесінде іске қосылды.

Зауыт Мақтаарал ауданындағы индустриалдық аймақтың 3 гектар жер аумағында салынған. Өнім Қазақстан бойынша сатылатын болады. Жобаның жоспарланған жылдық қуаттылығы — 20 мың тонна. Өндіріс басында 30 адам тұрақты түрде жұмыс істейді.

TURKISTAN INVEST
инвестициялық компаниясының
Баспасөз қызметі