Түркістан облысының полицейлері 6 тоннадан астам есірткі затын тәркіледі

264

Ағымдағы жылдың басынан бері Түркістан облысының полицейлері заңсыз есірткі айналымына қатысты 340 қылмыс пен құқықбұзушылық іс-әрекеттерді анықтап отыр. Оның ішінде есірткі затын сату бойынша 52 жайт тіркеліп, 15 ірі көлемдегі есірткі затын сақтау бойынша 60 мың түп өсімдік тектес есірткі заты жойылды.

Облыстық полиция бөлімшелері шамамен 200 қылмыстық есірткі әрекеттерін тіркеуге алып отыр.

Мәселен, осы жылы Сайрам ауданының тұрғындары 1969 ж. мен 1992 ж. туылған әкесі мен баласы, заңсыз есірткі сату саудасымен айналысқандары үшін 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында, күдіктілер айғақты заттармен ұсталды. Полицейлер күдіктілердің тұрғылықты мекен -жайынан қағазға оралған 3 грамды құрайтын марихуана мен полиэтиленді пакетке салынған 500 грамм есірткі затын тәркіледі.

Түркістан қаласының Полиция басқармасының тергеушілерімен жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың қарасораны өз ауласында баптап өсіргендігі белгілі болды. Полицейлер аталмыш азаматтан 30 түп өсімдік тектес есірткі затын тәркіледі. Жыл басынан бері облыс аумағынан заңсыз өсімдік тектес есірткі затын өсіру бойынша 74 жайт тіркеліп отыр.

ТО ПД-нің Баспасөз қызметі