Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков пен қала полициясы департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов «Түнгі сот» пилоттық жобасын іске асыру жөнінде семинар-кеңес өткізді. Кеңес жұмысына судьялар мен полиция қызметкерлері қатысты.
Е. Рахымбеков өз сөзінде материалдық залал келтірілген жол-көлік оқиғаларының «Түнгі сот» пилоттық жобасы іске асырыла бастаған бес айдың ішінде сотта дереу қарала бастағанын атап өтті. Бұл сақтандыру төлемдерін жедел өтеуге мүмкіндік берді.
Мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Серік Ниязбек семинар барысында 4 ай ішінде «Түнгі соттың» 946 істі қарағанын айтты. Осы істерге шағым берілген жоқ.
Бұл орайда жол-көлік оқиғасына қатысушылар осы жаңалықты заңнамалық деңгейде бекітудің қажеттілігі туралы тілек білдірді.
sud.gov.kz