Түркістандағы дәріханалардың бірінен психотроптық заттары бар деген күдікпен провизор ұсталды

417

21 — қарашада Түлкібас ауданының Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткізген «Допинг» жедел алдын-алу іс-шарасында заңсыз есірткі саудасымен айналысқан күдіктілерді ұстады. Іздестіру шаралары аясында күдіктілердің бірінен полиэтилен пакетіне салынған марихуанаға ұқсас есірткі затын тәркіледі.

Аталмыш жайт, ҚР ҚК-нің 297 «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркеуге алынды.

Сондай-ақ, сол күні облыстық Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласындағы жергілікті дәріханалардың бірінен психотроптық заттары бар деген күдікпен провизорды ұстады. Бүгінгі таңда, осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 19 мен 23 қарашасы аралығында Түркістан облысы аумағында заңсыз есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Допинг» республикалық жедел алдын-алу іс-шарасы жүріп жатыр.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі