Той үстінде тапаншадан оқ атты

77

Қарашаның 14-нен 15-не қараған түні үйлену тойы салтанатында бірнеше ер азаматтар арасында өзара жанжал туындаған. Жанжал барысында қатысушылардың бірі травматикалық қарудан С. есімді азаматқа қарай бірнеше рет оқ атып, оның маңдайы мен ішін жарақаттап, екіншісі оған кеудесінің артқы жағына пышақ жарақатын салған.

Осыдан кейін олар «Мазда» маркалы автокөлігімен оқиға орнынан бойтасалау кезінде Полиция департаментінің арнайы автокөлігімен соқтығысқан.

Жәбірленуші қалалық ауруханаға жеткізілген, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Полиция қызметкерлері жанжалдың барлық қатысушыларын анықтап, күдіктілер ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Шымкент қ. Полиция департаментінің Баспасөз қызметі