«ВИЧ-статусыңды біл!» шарасы өтуде

345

«ВИЧ-статусыңды біл!. 15 қараша – 15 желтоқсан аралығында Шымкент қаласындағы ЖИТС орталығында «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен айлық басталады.

Айлық барысында орталық мамандары қала тұрғындарына ашық есік күндерін өткізіп, 15 минут ішінде жедел-тестілеу әдісімен мәртебеңді анықтап береді. Медициналық тексеру жұмыстарынан өту үшін арнайы жолдаманың қажеті жоқ. Әрі профилактикалық жұмыстар тегін жүргізіледі.

Бұл шаралар тек ЖИТС-орталығында ғана емес, сонымен бірге халық көп шоғырланған жерлерде саябақ, сауда орталықтары және  жоғарғы және арнайы оқу орындарында, мектептерде, жастар орталықтарында жүргізіледі. Саусақтан бір тамшы қан алып жедел-тестілеу әдісімен де 15 минут ішінде тексерілу ұйымдастырылады.

Лаура Нақыпқызы