Шымкент қалалық ТЖД бұрынғы бастығы мен тағы 2 лауазымды тұлғаға қатысты тергеу аяқталды

2
A file folders with documents and important documents.

(Фото: istockphoto.com)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызметінің төрағасына және Шымкент пен Жетісудың бұрынғы департамент басшыларына қатысты тергеуді аяқтады. Іс сотқа жолданды.

Агенттік мәліметінше, лауазымды тұлғалар бизнес өкілінен жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Алынған параның жалпы сомасы – 40 млн теңгеден астам.

«Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады. Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында мәні бойынша қаралуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,-делінген антикор мәліметінде.

Еске салсақ, күдіктілердің ұсталғаны туралы өткен жылдың шілде айында белгілі болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жартыжылдық қорытынды отырысында төраға Асхат Жұмағали мәлімдеген болатын.