Жас инноваторлар жобаларды жүзеге асыру үшін 5 млн. теңгені ойнатады

240

«Nurintech» республикалық жастар инновациялық жобалар байқауына өтінімдер қабылданып жатыр, деп хабарлайды astana.gov.kz «Жас Отан» жастар қанатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау, ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттілігін арттыру. Байқау «Әлеуметтік маңызды инновациялар», «Үздік жас ғалым» ,«Жастардың инновациялық жобасы» сияқты аталымдар бойынша өтеді.

Жобаға оқушылар, студенттер, жас мұғалімдер, ғылыми институттың жас ғылыми қызметкерлері қатыса алады. Жалпы жүлде қоры – 5,250 млн теңгені құрайды. Өтініштер осы жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.