Жеке кәсіпкерлік өкілі пара бергені үшін жауапқа тартылды

310
Фото gz.mcfr.kz

Лауазымдық тұлғаға пара бергені үшін ҚР ҚК сәйкес жеке компания өкілі қылмыстық жауапкершілікке тартылды,деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша МКД.

Жеке кәсіпкерлік өкілі шілде айында лауазымдық тұлғаға пара бергені үшін ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қолға түскен өкіл мәселені оң шешу үшін АМКД өкіліне пара бергісі келген. Ол ҚР ҚК 367-бабы бойынша (1-тармақ-лауазымдық тұлғаға пара беру) оған қылмысты жасады деп тағылған өз кінәсін толық мойындады. Және қазан айында Алматы қ. соты оны кінәлі деп танып, параның он есе сомасы мөлшері түрінде жаза тағайындады.

Осы жылдың басынан бастап Алматы қ. бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасы үш пара беру дерегін (кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды), Алматы қ. бойынша МКД лауазымдық тұлғаларына сыйлық берудің үш жағдайын (әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік хаттаманы жасады) анықтады.

Сондай-ақ, көрсетілген басқарманың өз күшімен департаменттің лауазымдық тұлғаларымен пара алудың үш фактісі анықталды. Осыған байланысты, Алматы қ. бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК сәйкес лауазымдық тұлғаға пара бергені үшін қылмыстық жауапкершіліктің қарастырылғандығын еске салады.

gz.mcfr.kz