Жетегінде 3 жылқы, өзі жаяу

348

Қазақ-қырғыз шекарасын бұзып, жылқы асырмақшы болған қырғыз азаматы ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап BAQ.KZ хабарлайды.

Қордай шекара отрядына қарасты «Еңбек» заставасының аумағында ел шебін күзетушілер, қазақ-қырғыз шекарасындағы Шу өзенінен біздің елге қарай түн қараңғылығын пайдаланып (сағат 22.00 шамасында) өтіп келе жатқан, 39 жастағы қырғызстандық азаматты ұстады. Екі елдің ортасындағы тікенек сымды дуалды кесіп өткен шекара бұзушы, өзі жаяу жүргенімен 3 семіз атты жетегіне алыпты» — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта құқық қорғау орындары құлақтандырылып, тексеру жүріп жатыр.