Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Түркістан» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданында өнеркәсіптік жылыжай жобаларын әлемде сәтті жүргізіп келе жатқан шетелдік Испанияның «ULMA Agricola» компаниясының өкілі Р.Мартин, Түркияның «NGS Teknik» компаниясының өкілі Н.Ширин, «Panel Dizayn» компаниясының өкілі Б.Ялчин,Өзбекстанның «Semak Group» халықаралық компаниясының өкілі К.Мухаммадалимен кездесу жиыны өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұлов, ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Талипов, «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның даму жөніндегі атқарушы директоры Ұ.Аппазов, тиісті бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округтердің ауыл шаруашылығы мамандары, ауданның жылыжай шаруашылығы саласында белсенді әрекет етуші кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында бүгінгі таңда өнеркәсіптік жылыжай саласында қолданылып жатқан алдыңғы қатарлы әлемдік технологиялар, саланың дамуына түрткі болатын жаңа мүмкіндіктер және инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі