Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті үлкен Джордж Буш қайтыс болды.

Американың экс-президенті 94 жасында дүниеден озды.

АҚШ-тың 41-ші басшысы болған ол елді 1989-1993 жылдары басқарған.

Ал 1981-1989 жылдары, Рональд Рейганның тұсында үлкен Буш вице-президент қызметін атқарған.

Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Джордж Буштың жұбайы қайтыс болған еді. АҚШ-тың экс-бірінші ханымы Барбара Буш 92 жасында көз жұмған болатын.

73 жыл бірге тұрған ерлі-зайыптылардың артында бес баласы, 17 немересі мен сегіз шөбересі қалған.

Үлкен Джордж Буштың үлкен ұлы- кіші Джордж Буш АҚШ-тың 43-ші президенті болса, кейінгі ұлы Джеб Буш Флориданың губернаторы қызметін атқарды.

Дереккөз: «Риа Новости» және NUR.KZ.