Шымкенттегі Əл-Фараби алаңында үшінші мегаполистің басты шыршасының шамы жағылды. Жаңа жылдың басты нышаны саналатын шыршаның шамын жағу үшін ұйымдастырылған мерекелік шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.
Үшінші мегаполис мәртебесін иеленген Шымқала үшін бұл алғаш қарсы алғалы отырған жаңа жылы. Сондықтан да биылғы жаңа жылға дайындық қызу.

Театрландырылған көрініс қала тұрғындарының көңілін көтерді. Мерекелік іс-шарада Аяз ата Ақшақарымен, ертегі кейіпкерлері, қуыршақтар жəне аниматорлар алаңға жиналған балалардың қуанышқа кенелтті.

Шыршаның шамын жағу салтанатына арнайы жиналған қала тұрғындары эстрада жұлдыздары ұсынған концерттік бағдарламаны тыңдап, от шашуды тамашалады.