ҰБТ: Өтінімдер қабылданып жатыр

390
inform.kz

Келесі жылдан бастап ҰБТ жылына төрт рет: қаңтардың 15-нен 20-на дейін, наурыздың 24-нен 29-на дейін, маусымның 20-нан шілденің 5-не дейін және тамыздың 17-нен 20-на дейін өткізілетін болады. Қарағанды облысында қазірден бастап қаңтарда өтетін тестілеуге өтінімдер қабылданып жатыр. Құжаттарды 15 желтоқсанға дейін тапсыруға болады, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Білім беру грантына тек мектепті тәмамдаған бетте тестіден өткендер ғана үміттене алады. Тестілік сынақты басқа уақытта тапсырғандар ЖОО-ың тек ақылы бөлімдеріне түседі.

Қаңтарда аймақта тест 8 нүктеде өткізіледі.  ҰБТ-ді қаңтардың 15-нен 20-на дейінгі аралықта қайта тапсыруға болады. Оны ЖОО-на ақылы түрде оқуға түсу үшін мектеп түлектері; бірінші семестрдің соңына дейін ақылы түрде ЖОО күндізгі бөліміне тіркелгендер; шығармашылық емтихандар қажет болған факультеттерің басқа мамандыққа ауысқысы келетін студенттері жүзеге асыра алады.  Тестіден өтуге қажетті құжаттар пакетінде: форма бойынша өтініш (ҰБТ өткізу пунктінде беріледі), 3х4 сантиметр көлеміндегі фотосурет, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі, талапкер оқитын орта білім беру мекемісінен анықтаманың екі данасы және тестіге қатысуға төленген өтемақының түбіртегі.

Құжаттарды ҰБТ өтетін орындарға тапсыру қажет. Олар Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, ҚарМТУ, Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті, Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде және Балқаш қаласының, Жаңаарқа, Осакаров және Қарқаралы аудандарының жалпы білім беру мектептерінде орналасқан.  ҰБТ форматы бұрынғыдай қалады: тапсырмалар 2 блоктан — 3 міндетті және таңдау бойынша 2 бейінді пәндерден құралады.

Тестілеуді талапкер өз еркімен қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде тапсыра алады.  Ағылшын тілінде емтихан тапсырып, оқуға түсемін деушілер тестілеуде «Қазақстан тарихын» қазақ немесе орыс тілінде тапсырады.  ҰБТ-ге 3 сағат 50 минут уақыт беріледі.

inform.kz