«Әкеге құрмет». Жазушы, журналист Күлия Айдарбекованың кезекті кітабы осындай атаумен жарық көрді.
Оның тұсаукесері «Көрме» орталығында өрбіді. Рухани рәсімге автордың қаламдастары – аға және жас буын жазушылар келді. Сондай-ақ, оқырмандар қауымы да көп жиналды. Перзенттік парыз баяндалатын жинақ биыл «Қазығұрт» баспасында басылған. Тәрбиелік мәні зор алғысөз бен қаламгерге деген құрметті ҚР Мәдениет қайраткері Құдияр Біләл жазған.
Мөлдір Бекеева